Құрметті әріптестер, серіктестер!

Бұл бөлімде «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компаниялары кәсіпорындарының технологиялық тапсырмалары мен олардың сипаттамалары берілген. Олардың ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық шешiмдерiн iздеу үшiн ынтымақтасуға ғылыми-зерттеу институттары, университеттер, ғылыми-зерттеу зертханалары, технологиялық компаниялар шақырылады. Бізге өзіңіздің ғылыми әзірлемелеріңізді, инновациялық шешімдеріңізді өз технологияңыздың қысқаша презентациясы түрінде жіберуіңізге болады.

Ұсыныстарыңызды осы емэйлдерге жібере аласыз: y.mazbayev@csti.kz, z.zhumadilova@csti.kz немесе info@csti.kz

Технологиялық тапсырмалардың тізімі:

  1. Күкіртті регенерациялау қондырғысында жоғары шу деңгейін төмендету
  2. Ауа тоңазытқыштарында газды және ерітінділерді салқындату
  3. Суды дайындау және айдау кезінде қоспалармен күресу
  4. Қалдықсыз газды тазарту технологиясын қолдану
  5. Қанықтыру қысымынан төмен қабат қысымын ұстап тұру және жоғарылату
  6. Қышқыл гидравликалық сынуды жүргізу үшін рецептураны таңдау
  7. Ұңғымаларды жөндеу кезінде кептелу сұйықтығын таңдау
  8. Карбонатты коллекторлар үшін ағымды ауытқу технологиялары сұйықтықтарының құрамын таңдау
  9. Инсинератордың (күйдіру пеші) вертикалдылығын қалпына келтіру
  10. Атмосфераға СО2 шығарындыларының төмендеуі
  11. Мұнай және газ жинау жүйесінің гидравликалық есебі
  12. Дюкер (өзен астындағы өту) арқылы коллектордың өткізу қабілеті
  13. Газ дайындау қондырғысындағы коррозия (бу-газ қоспасына байланысты)
  14. Жанармай газын кептіру
  15. Аралық сатылы қаптамалары бар ұңғымаларда (барлау) пайдаланудың механикаландырылған тәсілін таңдау
  16. Асқынулармен күресудің қолданыстағы әдістерін оңтайландыру және көмірсутектерді өндірудегі жағымсыз факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін прогрессивті технологияларды енгізу
  17. Ұңғымаларды күрделі жөндеу кезіндегі шөгінді сұйықтықтар
  18. Бағанаралық қысым
  19. Су алу ұңғымаларынан қысымды ұстап тұру жүйесіндегі ілеспе қабат суымен қатар айдалатын суды дайындау сапасын жақсарту
  20. Гидравликалық сынғаннан кейін Ұңғымаларды пропанттардан тазарту
  21. Ұңғымадағы өткізгіш ысырманы ұңғыманы сөндірмей ауыстыру
  22. Газ турбиналық станцияда артық өндірілген электр энергиясын қолдану
  23. Кен орындарда ҚБМЭ (қиын бұзылатын мұнай эмульсиялар) пайда болу себептері мен жағдайларын зерттеу және технологиялық іздестіруде ҚБМЭ пайда болуына жол бермейтін шешімдер және т.б. оны жоюдың шешімдерін әзірлеу және одан әрі кәдеге жарату. Кен орнындағы ҚБМЭ пайда болу жағдайларын зерттеу әдістері және оның қалыптасуымен күресу және оның жойылуы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  24. Кен орындарының кәсіпшілік құбырының ішкі қабырғаларында тұз шөгінділерінің пайда болу жағдайларын және оның пайда болуымен күресу әдістерін зерттеу.
  25. ЦППН ішінде шыны талшықты құбырларды қолдану.
  26. Коррозиямен күресу үшін жаңа технологиялар мен мөлшерлеу технологияларын енгізу.
  27. Жану пештерінде тазартылмаған газды жағу кезінде жылыту пештерінен атмосфераға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындыларын азайту және осы мәселені шешу жолдары.
  28. ҚР СТ 1627-2007 талаптарына сәйкес ағынды суды дайындау үшін химреагенттерді қолдана отырып жабдықтар мен технологияларды іріктеу.
  29. Судағы сульфатты қалпына келтіретін бактериялардың (СҚКБ) және ілеспе өндірілетін газдағы күкіртті сутектің құрамын талдау
  30. Мұнайды тұзсыздандыру үшін технологиялық сұйықтықты дайындауға арналған жабдықтар мен технологияларды таңдау
  31. Мұнай ағынын күшейту мақсатында ұңғыма маңындағы аймақты көпкомпонентті химиялық ерітінділермен, соның ішінде беттік белсенді заттармен өңдеудің инновациялық әдісін әзірлеу.
  32. Ұзақ әрекетпен су ағынын шектеудің жоғары қарқынымен жөндеу және оқшаулау жұмыстарын жүргізу әдістемесін әзірлеу.