2022 жылдың сәуір айында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы жыл сайынғы міндеттемелерін орындау аясында «Самұрық-Қазына» АҚ тобына енетін жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын шоғырландыру және жүйелендіру мақсатында, сонымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сай «Самұрық-Қазына» АҚ «Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығын» құрды.
2022 жылдың желтоқсан айында Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы «Самғау» Ғылыми-Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры коммерциялық емес ұйым ретінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңында қайта тіркелді.
МИССИЯ: Ең үздік ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу арқылы ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің отандық экожүйесін дамыту.
ПАЙЫМ: Қордың портфельдік компанияларында және Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторында озық инновациялық шешімдерді іздеу, таңдау, енгізу және локализациялау жөніндегі бірыңғай оператор.
Ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуінің қаражатты тиімді бөлуді қамтамасыз ететін тұрақты жүйесін құру
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҒТБО өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктері үшін бірыңғай платформа әзірлейді және оны дамытады. Бұл платформа жобаларды таңдаудың тиімділігін қамтамасыз етеді және ғылыми және өндірістік ұйымдардың өзара әрекеттесуінің өзін-өзі қамтамасыз ететін алаңына айналуы тиіс.
Қор тобының компанияларындағы инновациялық мәдениетті дамыту
Қор тобының компанияларындағы инновациялық мәдениетті қалыптастырмай платформаны әзірлеу және енгізу күтілетін нәтиже бермейді. Қор компанияларының қызметкерлері проблемаларды анықтау немесе шешімдерді ұсыну процесіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін инновациялық қызметті ынталандыру жүйесін құру қажет.
Сыртқы нарыққа инновациялық қызметтерді енгізу
2027 жылдан кейін ҒТБО үшін негізгі кіріс көзі Қор тобына кірмейтін компаниялармен келісім-шарттардан түсетін пайда болуы керек. Ол үшін ҒТБО жинақталған тәжірибені, технологиялық деректер базасын және сарапшылар пулын пайдаланып, отандық және аймақтық нарыққа әртүрлі қызметтерді ұсынатын болады.
Біз еліміздің экономикасының тұрақты дамуы үшін құнды идеяны жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік береміз.