«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске» сәйкес Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылар отандық ғылым мен технологияны қолдау мен дамытуға өндірістік шығындардың 1 пайызын бөлуге міндетті.

«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін жер қойнауын пайдаланушылар қаржыландыратын ҒЗТКЖ-ны іріктеу және басқару бойынша бірыңғай оператор болып белгіленді.

Мақсаттар

ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың негізгі мақсаты – Қазақстанда ғылымды қажет ететін экономика құру үшін және индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті қолдау.

Қаржыландыру қолданбалы сипаттағы ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыруға беріледі және іргелі зерттеулерді қаржыландыруды көздемейді

Негізгі ақпарат

  1. Жобаның ұзақтығы 3 жылдан аспауы керек.
  2. Өтінім беруші: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін заңды тұлғалармен бірге аккредиттелген ғылыми ұйымдар.
  3. Жобаны іске асыру шеңберінде қаржыландырылатын шығындар баптары:
    • еңбекақы қоры;
    • іссапар шығыстары;
    • жабдықты және материалдық емес активтерді сатып алу;
    • үшінші тарап компанияларының қызметтері;
    • шығын материалдарын сатып алу;
    • басқа шығындар.
  4. Өтінімдерді беру: rdi.csti.kz порталы немесе application@csti.kz электрондық поштасы арқылы.

Жобаны таңдау тәртібі

  1. Алдын ала өтінім беру

Қаржыландыруға арналған жобаларды іріктеуге қатысу үшін Өтінім беруші Samgau CSTI порталында алдын ала өтінімді толтыруы немесе application@csti.kz электрондық мекенжайына толтырылған алдын ала өтінімді жіберуі қажет.

    2. Алдын ала өтінімді растау

Самғау ҒТБО алдын-ала өтінімнің басым бағыттарға және ҒЗТКЖ қойылатын талаптарға сайкестігіне растайды.

Егер алдын ала өтінім валидация талаптарына сәйкес келсе, Өтінім беруші толық өтінімді ұсынады.

   3. Өтінім беру

Өтінім беруші Самғау ҒТБО порталында өтінімді толтыруы қажет немесе application@csti.kz электрондық мекенжайына толтырылған өтінімді жіберуі қажет.

  4. Сыртқы ғылыми және қаржылық сараптама

Барлық өтінімдер ғылыми-техникалық және қаржылық сараптамаға жіберіледі.

  • Сыртқы ғылыми сараптама жобаның ғылыми жаңашылдығын, өзектілігін және техникалық орындылығын анықтайды.
  • Қаржылық сараптама мәлімделген шығындардың негізділігін және олардың ҒЗТКЖ шығындарының белгіленген түрлері мен лимиттеріне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сыртқы ғылыми сараптаманың және қаржылық сараптаманың оң қорытындысын алған өтінімдер (5-тармақта көрсетілген жобалардан басқа) Ғылыми-техникалық кеңестің қарауына жіберіледі

5.Қаржы-экономикалық сараптама

3-кезеңге (өндірістік зерттеулер мен тәжірибелік үлгілеу) сәйкес келетін жобалар да қаржылық-экономикалық сараптама кезеңінен өтеді.

  6. Өтініштерді ғылыми-техникалық кеңес отырысында қарау

Жобаны қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді Ғылыми-техникалық кеңес қабылдайды.

Әлеуетті өтінім берушілерге қолдау көрсету

Әлеуетті өтінім берушілерге қолдау көрсету үшін «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қоры онлайн режимде ақпараттық сессиялар өткізеді.

Сондай-ақ, application@csti.kz электронды поштасына сауал жолдап, сұрақтарға жауап алуға болады.