«Самғау ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қоры China Venture Capital Asset Management Company Limited (CVC) компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің 7-ші отырысында «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы қоры мен China Venture Capital Asset Management Company Limited (CVC) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастықтың негізгі бағыты мұнай шламын өңдеудің озық технологияларын енгізу болды. Экологиялық проблемалардың жаһандық әсерін және олардың аймақтағы ерекше өзектілігін ескере отырып, мұнай шламдарын тазарту таза су ресурстарын сақтау және биоәртүрлілікті қорғаудың маңызды міндетіне айналуда.

«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы экономиканың әртүрлі салаларындағы нақты практикалық міндеттерді шешуге бағытталған тиімді ҒЗТКЖ-ға ерекше көңіл бөледі. Қор тұрақты дамуға және заманауи технологияларға ықпал ететін инновациялық идеялар мен жобаларды белсенді түрде қолдайды.