2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді, кездесуде қатысушылар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қарау бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің жұмыс тәртібін талқылады.
Дөңгелек үстелге Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс төрағалық етті. Шара барысында «ҚР ОЭК АТО» АҚ басқарушы директоры Ақжол Оспанов ҒЗТКЖ жобаларын қарау тәртібі туралы жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Министрлік өкілдері келесілер бойынша түсініктеме берді:
- жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан құжаттарды ұсыну тәртібі;
- ҒТК-те ҒЗТКЖ жобаларын қарау тәртібі;
- ғылыми зерттеулер жүргізудің басым бағыттарының тізбесі;
- ҒТК жұмыс кестесі.
Дөңгелек үстелде «Самұрық-Қазына» АҚ тобының үздік тәжірибесі де қарастырылды. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының бас директоры Төлеген Орашев Қордағы ҒЗТКЖ жобаларын іріктеуде ашықтық қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты.