Қазақстанда көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде ҒЗТКЖ жер қойнауын пайдаланушылар қаржыландырудың жаңа қағидалары бекітілді

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ұлттық ғылыми басымдықтарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын бөлудің ашықтығын арттыру және орталықтандыру қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Ғылым және жоғары білім министрінің бірлескен бұйрығымен көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жер қойнауын пайдаланушылар қаржыландырудың жаңа қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) бекітілді.

Жаңа Қағидаларға сәйкес «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын коммерциялық емес ұйым мәртебесін алды. Ұйым мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес құрылды және оның «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орталықтандыру және ҒЗТКЖ-ны қарау, сараптау және іріктеу процесін жүйелендіру арқылы ғылыми-техникалық шешімдерді жүргізуге, ғылыми технологиялар трансфертіне барлық қажетті аккредитациялары мен рұқсаттары бар.

Сондай-ақ Қағидаларда жер қойнауын пайдалану құқығына ие және қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың қаражатты аудару механизмі қарастырылған. Енді олар ғылым саласындағы өздерінің жыл сайынғы келісімшарттық міндеттемелері аясында «Самғау» ҒТБО-ға қаражат аударды жүзеге асыра алады.

«Самғау» ҒТБО белгіленген қарау, сараптау және іріктеу рәсімдеріне сәйкес ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруды жүзеге асырады. ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда қарыздар мемлекеттік бюджетке аударылады.

Бұл өзгерістер Қазақстанның ғылыми және технологиялық саласының дамуына ықпал ететін ғылыми зерттеулер саласындағы ресурстарды барынша тиімді және келісіп пайдалануға бағытталған.

«Самғау» ҒТБО Баспасөз қызметі

Тел: + 7 7172 55 90 52

Mail: pressa@csti.kz